phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«KitapTime - 2025» жалпы республикалық кітап фестивалі

«KitapTime - 2025» жалпы республикалық кітап фестивалі

24 қыркүйек күні «KitapTime - 2025» жалпы республикалық акциясы аясында кітапханада кітап фестивалі өтті. Фестиваль Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Фестивальдің мақсаты – кітап оқу мәртебесін көтеру, жалпы әдебиетті насихаттау, тұрғындарды кітапханаларға тар­ту және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Фестиваль аясында оқырмандарымыз  «Қызықты кітаптар әлеміне саяхат» әр түрлі кітаптардан әдеби көрмемен танысып; Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған  «Шоқан мұрасы – дәуір шежіресі»онлайн сұхбатына қатысты Сондай-ақ, «Тамыры терең аңыздар...»: интерактивті әдеби оқуларда балалар «Абай әлемі» кітаптар сериясы аясында жарық көрген «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» кітаптарының 1 және 2-томдары мен осы аттас ақпараттық портал таныстырылды. Сондай-ақ, оқушылар ондағы берілген аңыздардың үзінділерін тыңдап, ары қарай өз қиялдары бойынша жалғастырды. Тыңдаған әпсаналар желісінде арнайы айналдырма құрылғымен қойылған сұрақтарға балалар қызығушылықпен жауап берді. Кішкентай қонақтарымыз аңыз кейіпкерлеріне талдау жасап, ежелгі аңыздарды бүгінгі қиялмен тоғыстыра түсті. Ал аңыз-әпсаналардан құралған кітап көрмесі балалар үшін таптырмас көмекші құрал болды. 

Акция аясында өткен әсерлі әрі шабытқа толы шараның бірі «Қаламгер Тime» кездесуі. Қонағымыз – жас жазушы, талантты жерлесіміз, халықаралық тәуелсіз «Глаголица» сыйлығының ақтық сайысына қатысушы Ярослава Воробьёва, жақында ғана Қазан қаласында өткен әдеби ауысымнан оралған болатын. Ярослава шығармашылық жолы және Қазаннан алған әсерімен бөлісіп, өзіннің шығармаларын оқып, жүректерді тебірентті. Жасөспірімдермен бірге шағын шығармашылық шеберханада жұмыс істеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, шағын блиц-сұхбат құрды. Кітап мерекесі «Абай мұрасы - ұрпаққа аманат» облыстық жастар әдеби байқауымен аяқталып, жеңімпаздар марапатталды.
 Kitaptime 2  Abai oqulary 4  WhatsApp Image 2025 09 24 at 13.24.08  Abai oqulary 7  Kitaptime 3  WhatsApp Image 2025 09 24 at 13.24.06 1  Abai oqulary 2
 Abai oqulary 9  Qalamger taim 11  Abai oqulary 3  Qalamger taim 12  Kitaptime 5  Abai oqulary 8  Abai oqulary
 Kitaptime 1  Qalamger taim 2  Abai oqulary 1  Abai oqulary 10  Kitaptime 8  baiqauAbai baiqauAbai2 

 

Байланыс тел.: 26-13-33


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp