Библионочь глазами гостей и участников. Читать...
"Кітап – әлемге ашылған жол!" - ол баспа немесе электронды түрде болуы немесе болмауы маңызды емес, маңыздысы – ол біздің бәрімізді біріктірсе, біздің мүмкіндігімізді дамытса, жарқын істерге бастамашы болса - Акция лейтмотиві осындай.
"Кітаптағы білімсіз, жан-жақты даму мүмкін емес" - дейді біздің президентіміз Н.Ә. Назарбаев. "Өскемен – оқырман қала" акциясының бастамашысы - ШҚО Мәдениет басқарамасы. Мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омардың пікірінше, сауаттылық, білім мен мәдениет бүгінгі күні ерекше өзекті, ұлтымыздың бай және бақуатты тұрмысы соған байланысты.
Акция аясында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана түрлі ұрпақ кітап құмарларының, жас баладан кемел жасқа дейінгі адамдардың қызығуына жауап беретін ауқымды бағдарлама ұсынды. Кітапхана алды алаңында күні бойы жазғы оқу залы ашық жұмыс істеді. халықтың емін-еркін кітап оқуға, әдеби-көркем, танымдық және көпшілік журналдарды қарауға, аудио-, бейне-, CD дискілермен танысу мүмкіндігі болды. Мұнда "Адамзат игілігіне ұсынылған идеялар" хит-парады аясында 60-томдық "Нобелевские лекции на русском языке" басылымы, Нобель сыйлығы лауреаттары туралы және осы сыйлыққа ие болған жазушылардың шығармалары ұсынылды.
"Өскемен – оқырман қала", ол қандай? "Микрофон алдында" Александр Егоров, Борис Щербаков, Серік Ғабдуллин, Мүсілім Құмарбеков, Бақытжан Раисова және т. б. жерлес жазушылар, кітапқұмарлар өздерінің алғашқы кітаптары, сүйікті авторлары мен шығармалары туралы әңгімеледі. Мерекеге қатысқан қонақтар өздері оқыған кітаптары жайында әңгімелеп, қызықты кітаптарды оқуға ұсынды, кітаптан шағын үзінділер оқыды. Сонымен бірге, кітапхана қазақстан жазушыларының шығармаларының ізімен түсірілген кинофильмдерді көруге шақырды.
Мерекелік акция Республика алаңындағы Абай ескерткішінің жанында жалғасты. Ұйымдастырушылар Қазақстан көшесі бойымен, А.С. Пушкин кітапханасынан Абай ескерткішіне дейін және кері қарай оқырмандар, Мадагаскар мультфильмі кейіпкерлерінің қатысуымен флеш моб өтіп, жастар қала халқын кітап оқуға шақырды.
Сондай-ақ мерекелік акцияға жол полициясының қызметкерлері араласты. Республика алаңында кітапханашылар мен Жол полициясының қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін тоқтатып ақын-жазушылар еңбектерінен үзінділер оқып, өлеңді жалғастыр, кітаптың авторын тап деген сияқты викториналарға қатысып сыйлықтарға ие болды.
"Кітап ал, оқы!" буккроссингі орталық базар, батырлар аллеясы, Қазақтелеком, Республика алаңдарында кез келген адам алып оқуы үшін кітаптар қалдырылды. Буккроссинг тәртібі бойынша оқырман кітаптың орнына өз кітабын қалдыруы тиіс. Немесе алған кітапты оқығаннан кейін, оны басқалар оқуы үшін кез-келген қоғамдық орында (саябақ, дәмхана, автобекет ...) қалдыруы керек. Бұл кезде Абай және Пушкин ескерткіштері жанында, батырлар аллеясында әдеби саяхат өткізілді. Оған қатысушылар қазақ және орыс классиктерінің шығармашылығымен танысып, өз білімін тексереді, жаңа басылымдарды парақтап, таныс кітаптарымен қауышады.
"Өскемен – оқырман қала!" акциясына қала тұрғындары виртуалды қатысуға мүмкіндік алды. Кітапхана сайтында виртуалды сөре-көрмелер, көне басылымдар, бейнероликтер ұсынылған онлайн оқу залы ашылды. Онлайн оқу залы виртуалды оқырмандардан кітап оқуды ілгері жылжыту туралы идеялар, сүйікті кітаптары туралы қызықты ой-пікірлер мен түсініктемелер алуға үміттенеді.
29 мамыр күні "Өскемен - оқырман қала 2013" акциясы аясында А.С. Пушкин кітапханасы 70-ке тарта кітапты оқырман қауымға ұсынды. Бұл – "буккроссинг" - "кітап айналысы" деп аталады. Бұл өзінше бір кітап клубы. Ол 2001 жылдан бері әрекет етіп, бүкіл әлем бойынша 500 000-нан астам қатысушыны қамтиды. Кітаптардың "саяхатын" бақылау біздің сайт арқылы жүзеге асады. Қаланың адам көп жүретін жерлеріне арнайы әзірленген кітаптары бар түрлі-түсті қораптар қойылды. Оқы! Пікіріңмен бөліс! Басқаға жеткіз!
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.
Сөзі - Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденовтікі, музыкасы - Шәмші Қалдаяқовтікі
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Построчный перевод текста Государственного Гимна Республики Казахстан:
В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.
Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.
У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.
Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.