phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Пайдалану ережелері

«Бекітемін»
ШҚО мәдениет басқармасының
«А.С.Пушкин атындағы
ШҚ облыстық кітапханасы» КММ директоры

 

ЕРЕЖЕЛЕРІ

 1. Жалпы ережелер

1.1. ШҚО мәдениет басқармасының «А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы» КММ пайдалану Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының 2002 жыл 8-мамырдағы №118 Мәдениет министрлігі және қоғамдық келісіммен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кітапхана мекемелерінің қызметтері туралы Ережеге, Кітапхана Жарғысына сәйкес құралып, Кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ортақ тәртібін анықтап, Кітапхана  мен пайдаланушылардың ортақ құқық пен міндеттерін орнатады;

1.2. ШҚО мәдениет басқармасының «А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы» КММ (бұдан әрі - Кітапхана) экономика, саясат, өндіріс, бизнес, білім, мәдениет пен рухани дамудың маңызды ресурсы болып табылатын ғылымның барлық саласы бойынша еркін де қолжетімді ақпарат беретін әмбебап  мазмұндағы жалпыға бірдей кітапхана болып табылады;

1.3. Кітапхана өлкетану әдебиеттері мен жергілікті басылымдарды сақтаудың орталық  қоймасы, кітапханааралық абонементтің облыстық әмбебап орталығы және құжаттарды электронды түрде жеткізуші, облыстың барлық мемлекеттік кітапханалары үшін әдістемелік орталық болып табылады.

2. Кітапхана пайдаланушыларының құқықтары

2.1. Кітапхананы пайдалану құқығын әрбір азамат жынысы, жасы*,  ұлты, білімі, әлеуметтік жағдайы, саяси көзқарасы, діни сенімі және кәсіптік деңгейіне қарамастан, сондай-ақ меншік түріне тәуелсіз кез келген заңды тұлға пайдалана алады. Жеке тұлғалар Кітапхана қоры құжаттарын оқырман билеті, ал заңды тұлғалар келісім-шарт негізінде алады;

2.2.  Кітапхана пайдаланушыларының барлығы құқылы:

2.2.1. Кітапхана қорлары, құжаттары жайында толық мәлімет алып, ақпарат іздеп, таңдауда кеңесші көмегін пайдалануға;

2.2.2. Кітапхана қорынан кез келген құжатты уақытша пайдаланымға ақысыз немесе Кітапхананы пайдалану Ережелерінде бекітілген бағаға сәйкес алуға;

2.2.3. Кітапханада өтетін конференция, тұсаукесер және өзге де  іс-шараларға қатысуға;

2.2.4. Кітапхана қызметін жақсарту бойынша ұсыныс білдіруге;

2.2.5. Пайдаланушылар құқықтарына  қысым жасалған жағдайда заңға сәйкес  Кітапхана қызметкерлеріне шағым түсіруге;

2.2.6. Демеушілік, қайырымдылық және волонтерлік көмек көрсетуге.

(*) 5 жасқа дейінгі балалар Кітапханаға ата-аналарымен немесе туыстық құқығы бар адамдармен ғана кіргізіледі. Ата-аналар, қамқоршылар немесе тәрбиешілер балалардың қауіпсіздігі мен тәртібі үшін, сондай-ақ кітапхана мүлкі жоғалған немесе бүлініп жарамсыз болған жағдайда толық  жауапкершілік алады.

3. Кітапхана пайдаланушыларының міндеттері

3.1. Кітапхананы пайдалану Ережелерін орындап, жұмыс тәртібін сақтау;

3.1.2. Кітапханаға жазылу және жыл сайынғы қайта тіркеу кезінде жеке куәлік ұсыну, ресімдеуге қажетті мәліметтерді хабарлап, тіркеу құжаттарын толтырып, Кітапхананы пайдалану Ережесін орындау туралы келісімін қол қою арқылы растауы тиіс. Оқырман билетін алу үшін «Ақылы қызмет туралы» Бұйрығында көрсетілген бағаны төлеуге;

3.1.3. Пайдаланушылар кітапхана қорын ұқыпты пайдаланып, құжаттарды (кітаптар CD, DVD) Кітапхана белгілеген мерзімде қайтарулары тиіс. Кітапхана құжаттарын пайдалану мерзімі – басылымның сұранысы мен ерекшелігіне қарай 3 күннен 15 күнге дейін беріледі. Пайдаланушы қолындағы әдебиетке өзге пайдаланушылар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда белгілі мерзімге ұзарта алады (кітапхана қызметкерінің келісімімен). Пайдаланушыға абонементтен берілетін баспа өнімі 7 данадан аспауы қажет;

3.1.4. Құжаттарды алған кезде қандай да бір ақауы болса, ол туралы кезекші кітапханашыға ескерту қажет. Олай етпеген жағдайда кітапхана пайдаланушылары  құжатты кері қайтарған кезде байқалған барлық ақаулар үшін жауап береді;

3.1.5. Кітапхана бөлмелерінде қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтап, ұялы телефонды дыбыссыз тәртіпке қосып, өзге пайдаланушылар құқығын құрметтеп, кітапхана жиһазы мен құрал-жабдықтарын ұқыпты пайдалану;

3.1.6. Нақтылы құрылымдық бөлімде  жұмыс уақытының аяқталуына 15 минут қалғанда  жұмысты аяқтап, әдебиеттерді өткізу;

3.2. Пайдаланушыларға тыйым салынады:

 Оқырман билетін өзгеге беру немесе басқа адамның құжатын пайдалануға; 

3.2.2. Оқырман залына кітапханашының рұқсатынысыз қайшы, ұстара, желім, ұйымдастырушы техника құралдары, көбейтілген құжаттарды алып кіруге:

3.2.3. Құжаттарға белгілер жасауға, парақтарын сызып, бүктеуге,  парақтарды кесу немесе жыртып алуға, RFID белгісі бар құжат этикеткасын бүлдіруге, суреттерді, карталар мен сызуларды калькадан өткізуге;

3.2.4. Әкімшілік рұқсатынсыз көбейтілген құжаттарды, кітапхананы фотосурет пен киноға түсіруге;

3.2.5. Интеллектуалды меншікті реттейтін ұлттық заңнама мен халықаралық келісімнің нормативті құқықтық актілері баптарының ережесіне қайшы келетін әрекеттер жасауға (Берн конвенциясы, авторлық құқық бойынша Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы, ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы 18-20 баптар);

3.2.6. Кітапхана бөлімдеріне лас киіммен, сырт киіммен, үй жануарларымен, азық-түлікпен кіруге;

3.2.7. Кітапхананың қызмет көрсету залдарына азық-түлік тағамдарын әкелуге;

3.2.8. Кітапхана дәмханасында әдебиеттермен жұмыс істеуге;

3.2.9. Қызмет бөлмелеріне кіруге; қызмет телефондарын пайдалануға; компьютер техникасы жұмысына араласуға (қатты дискті ауыстыру, өз бағдарламаларын орнату т.б.).

3.2.10. Кітапхана бөлмелерінде темекі шегуге;

3.2.11. Алкогольдік және есірткімен масайған қалыпта кітапханаға келуге; Мас күйдегі  адамдарға қызмет көрсетілмейді.

3.2.12. Кітапханаға суық, газ, оқ қаруларын, оқ-дәрі, жарылғыш және улы заттармен келуге.

4. Кітапхана пайдаланушыларының жауапкершілігі

4.1. Осы Ережені бұзған пайдаланушылар тәртіп бұзу сипаты  мен келтірген зардабына қарай 1 айдан 1 жылға дейін пайдаланушы мен кітапхана қызметкерінің жазбаша хаты негізінде Кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады. Жекелеген адамдардың осы Ережені бұзғаны туралы  мәліметтері жұмыс, оқу немесе тұрғылықты жеріне, сот органдарына жіберілуі мүмкін.

4.2. Ережені бұзған және Кітапханаға зардап келтірген кітапхана пайдаланушылары оның орнын мынандай тәртіп бойынша толтырады:   

4.2.1. Кітапхана қорынан құжаттар жоғалтқан немесе зардап келтірген  пайдаланушылар, оны дәл сондай құжат немесе Кітапхана құны мен мазмұны жағынан  тең келеді деп танылған құжатпен ауыстыруға міндетті;

4.2.2. Кітапхана қорынан жоғалтылған құжатты ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда, пайдаланушылар  оның құнын жоғалған күннен бастап есептегенде 10 есе мөлшерде өтеуге міндетті;

4.2.3. Ерекше құнды және сирек құжаттар жоғалтылған жағдайда  пайдаланушылар оның құнын Кітапхана тағайындаған бағамен, аукциондар мен жәрмеңкелер, букинистік дүкендер каталогтарынан материалдарды іздеп табу  арқылы өтейді;

4.2.4. Кітапхана қорынан басылымдар жоғалтқан пайдаланушылар, белгіленген тәртіп бойынша  оны қалпына келтіру үшін Кітапхана шығындарын қосымша төлейді;

4.2.5. Уақытша пайдалануға алған құжаттардың қайтару мерзімін бұзған пайдаланушылар  «Ақылы қызмет туралы» Бұйрыққа сәйкес  өсім ретінде тұрақсыздық айыбын төлейді. Ұзақ мерзімдік қарызды өтету үшін Кітапхана сот орындаушыларының көмегіне жүгінеді.

4.2.6. Әдебиеттерді уақытында қайтару тәртібін жүйелі түрде  бұзатын пайдаланушылар Кітапхананы пайдалану құқынан айырылады және қажет жағдайда Кітапхана сот органдарына жүгінеді.

4.2.7. Кітапхананың құрал-жабдығына  зардап келтірген пайдаланушылар, оны қалпына келтіруге қажетті соманы төлейді; 

4.2.8. Киім ілгіш жетонын, сөмке қоятын шкаф кілтін жоғалтқан пайдаланушылар  «Ақылы қызмет туралы» Бұйрыққа сәйкес айыппұл төлейді;

4.2.9. Кітапхана бөлмелерінен алып және қараусыз қалтырған әдебиеттер үшін  пайдаланушы жауапкершілік алады;

4.2.10. Өзге жағдайларда Кітапхана мүлігі мен қызметкерге зардап келтірген  пайдаланушылар  ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

5. Кітапхана құқықтары

5.1. Кітапхана пайдаланушыларға өз Жарғысы, Кітапхананы пайдалану Ережесі және іс-әрекеттегі заңдарға сәйкес қызмет көрсетеді;

5.2. Кітапхана құқықтары:

5.2.1. Өз Жарғысында көрсетілген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес  өз қызметінің мазмұны мен нақтылы түрлерін  белгілеу;

5.2.2. Кітапхананы пайдалану Ережесін құрылтайшылармен келісе отырып әзірлеу және бекіту;

5.2.3. Қабылданған тәртіпке сәйкес сирек және құнды басылымдарды пайдалануда кепілге беруді енгізу;

5.2.4. Кітапхана пайдаланушылар келтірген зардаптың мөлшері мен орнын толтыруды анықтау;

5.2.5. Пайдаланушыларға ұсынылатын қызмет түрлерін кеңейту және Кітапхананы әлеуметтік-шығармашылық  тұрғыда дамыту мақсатында шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

5.2.6. Заңды және жеке тұлғалармен  келісім шарт негізінде  кітапхана қорларын пайдалану шартын белгілеу;

5.2.7. Кітапхана құрылтайшыларымен келісе отырып өз қорынан құқықтық актілерге, құжаттарды қордан шығару тәртібіне  сәйкес  құжаттарды  қордан шығару.

6. Кітапхана міндеттері

6.1. Пайдаланушыларға жоғары мәдениетті қызмет көрсету, олардың сұранысы мен мүддесіне сәйкес ақпараттық деректерді іздестіру мен табуда  кеңестік көмек беруге;

6.2. Пайдаланушылардың кітапхана қоры ақпараттары мен құжаттарын еркін пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасауға;

6.3. Кітапхана пайдаланушының талабын толық қанағаттандыру мақсатында олардың сұраныстарын зерттеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігі негізінде  кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызметпен қамтуға;  

6.4. Кітапхана пайдаланушылар мен олардың  не оқитыны туралы құпиялылықты сақтауға;

6.5. Кітапхана пайдаланушыларға Кітапхана  қызметінің барлық  түрлері туралы ақпараттар беруге;

6.6. Кітапханада қабылданған ережеге сәйкес  кітапхана қорында пайдаланушыға қажетті құжаттар болмаған жағдайда,  оны өзге кітапханалардан сұрастыруға;

6.7. Кітапхана қорындағы құжаттарды, тарихи және мәдени мұра болып табылатын баспа басылымдары мен өзге де материалдарды  тиімді пайдалану және  сақтауды  қамтамасыз ететін ҚР-да  бекітілген ережелерге сәйкес есепке алу, сақтау және пайдалануға;     

6.8. Кітапхана қорына пайдаланушыларға берілген басылымдардың  уақтылы қайтарылуын жүйелі түрде қадағалауға;  

6.9. Кітапхана бөлімдерінің жұмыс тәртібін сақтау,  өзгерістер болған жағдайда ол туралы  пайдаланушыларды хабардар етуге.

 7. Кітапханаға жазылу тәртібі

7.1. 5 жастан асқан және одан ересек тұлғалар Кітапхана пайдаланушысы бола алады;

7.2. 15 жасқа дейінгі пайдаланушылар кітапханаға заңды өкілдері (ата-анасы, асырап алушы, қамқоршы) ұсынған жеке басын куәландыратын құжат негізінде жазылады;

7.3. Кітапханаға жазылу үшін  жеке тұлғалар жеке басты куәландыратын құжат (жеке бас куәлігі, төлқұжат, студенттер - студенттік билет немесе сынақ кітапшасын) және тіркеу туралы құжат (Абонемент бөлімін пайдалану үшін) ұсынады;

7.4. Кітапхана пайдаланушысына тұрақты оқырман билеті беріліп, жеке идентификаторлы  RFID белгісі тағайындалады. Оқырман билетін ресімдеуге «Ақылы қызмет туралы» Бұйрыққа сәйкес бір реттік төлемақы төленеді;

7.5. Пайдаланушылар Кітапхананы пайдалану Ережесімен танысып, тіркеу құжаттарын толтырып, Кітапхананы пайдалану Ережесін орындау туралы келісімін қол қою арқылы растайды. Сондай-ақ, пайдаланушы қол қою арқылы кітапхана қорын мұқият пайдаланып, мекен-жайлық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, кітапхана қызметіндегі статистикалық есеп, пайдаланушы тұрғындардың әлеуметтік құрамын зерттеу үшін қажет болатын жеке мәліметтерін өңдеуге келісім береді;

7.6. Жыл сайын 3 қаңтардан бастап Кітапханада тұрақты оқырмандарды қайта тіркеу жүргізіледі,  ол үшін  7.3 п. көрсетілген құжаттар ұсынылады;

7.7. Заңды тұлғалар Кітапхана қызметін келісім шарт негізінде пайдаланады. Жоба кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсететін құрылымдық бөліммен әзірленіп, директордың қолымен расталады.


Кітапханаға жол көрсету

1-ші қабат

Кабинет № Қызмет
- Тіркеу кафедрасы
- Мамандандырылған қызмет залы
1 Сауықтыру залы
2 Шеберлер мектебі
12 Балалар секторы
14 MakerSpace

15

Жастар интеллект-орталығы

IT-OTAU

 

2-ші қабат

Кабинет № Қызмет
16                 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оқу залы
25 Неміс-француз оқу залы
26 Оқу залы
28 Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы
29 Америка бұрышы

 

1-ші қабат

 

Сектор регистрацииТіркеу кафедрасы

Тіркеу кафедрасы біздің оқырман болуға жол ашып, алғашқы ақпараттық көмек көрсетеді!

 

 

 

Оздоровительный залСауықтыру залы

Сауықтыру залы (1-қабат) – кітап пен спорт тренажерлерінен құралған біздің ақпараттық культуризм.

 

 

 

zal spec

Мамандандырылған қызмет залы
Мамандандырылған қызмет залы (№ 1 кабинет) қимыл-тірек аппараты, есту және көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы жабдықтармен қамтылған.
 
 
 

Школа мастеров Шеберлер мектебі

Шеберлер мектебі (№ 2 кабинет) – сурет салу, жапсыру, тігу, ағаш станогында тоқыма тоқу, төменқол материалдардан әртүрлі бұйымдар жасауға үйрететін шығармашылық шеберхана.

 
 

 

Балалар секторы (№ 12 кабинет) – мұнда балаңыз алғашқы кітабымен қауышып, жанына жақын ісімен шұғылдана алады: тілдерді меңгеру, шахмат, қағаз бұйымдары, сурет салу, ән айту т.б.
 
 
 

 

MakerSpaceMakerSpace

MakerSpace (№ 14 кабинет) – бұл орталыққа 3D модель құрау, ұшатын дрон жіберу, өзінің шығармашылық қабілетін ашу және ғылыми эксперимент жасауды мақсат еткендер жиналады.

 

 

Молодежный интеллект-центрЖастар интеллект-орталығы

Жастар интеллект-орталығы (№ 15 кабинет) – роботтар құрастырып, оларды түрлі қимылдарға бағдарламалау, 3D-басып шығаруды игеріп, шахмат ойнап, музыка тыңдап, фотосуретке дұрыс түсіру, бейнеролик жасау т.б. үйренуге болатын талаптылар орны.

 

 

Молодежный интеллект-центр

IT-OTAU

IT-отау – компьютер сауаттылығы курстарын ақысыз меңгеріп, электронды кілт алып, мемлекеттік онлайн қызметтерді пайдаланып, кітап оқып, тіпті оны бірге талқылауды ұнататын әртүрлі жастағы адамдар бас қосатын орталық.

 

2-ші қабат

 

Читальный зал библиотеки первого Президента Республики КазахстанҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оқу залы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оқу залы (№ 16 кабинет) – Елбасының еңбектерін еркін пайдаланымға ұсынып, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы материалдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Болашақ саясаткер мен дипломаттар мұнда онлайн семинарлар, конференциялар, зерттеушілермен кездесулер өткізіп, сұхбат алаңдары мен пікірталастар ұйымдастыра алады.

 

Немецко-французский читальный зал Неміс-француз оқу залы

Неміс-француз оқу залы (№ 25 кабинет) – Гете мен Шиллер, Дюма мен Гюго тілдерін меңгеруді көздеген жандарға, сондай-ақ Германия мен Францияға сапар шегуді армандайтындар үшін барынша ақпарат беріп, лингвистикалық қолдау көрсетеді.

 

 

Читальный залОқу залы

Оқу залы (№ 26 кабинет) – салалық, ғылыми-танымал және көркем әдебиеттің кең таңдауын, сондай-ақ ауқымды анықтама қорын ұсынады. Мұнда жаңа газет-журналдар мен тақырыптық көрмелер, ақысыз Интернет қызметі де бар.

 

 

Центр по изучению нового алфавита казахского языкаҚазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы

Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы (№ 28 кабинет) – Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының мамандарымен онлайн бейнежазба дәрістер мен көпшілік кездесулер ұйымдастырады.

 

 


Әйгілі киноромандар

Бүгінгі күні "Великие кинороманы" топтамасына еуропа әдебиеті классиктерінің ұлы романдары желісінде түсірілген 43 ең үздік фильм енген.

Джейн Остин, Эмилия Бронте, Уильям Теккерей, Виктор Гюго, Элизабет Гаскелл, Энтони Троллоп - осы және өзге де жазушылар әлемдік өнер қазынасы қоржынына еніп отыр. Олардың шығармалары желісінде әйгілі фильмдер тамашалануда.

19 ғасырдағы Еуропаның өршіл қиялын сипаттайтын, сапалы да лицензиялы дискілер, сұлу жандар мен өзара қарым-қатынастар әлемін «Великие кинороманы» топтамасынан табасыздар!

 

Джейн Эир Север и юг Госпожа Бовари Гордост и прдеубеждение

 

Анықтама тел: 267-999 e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


Қазақ киносының алтын қоры

Қазақ киноклассикасы DVD-де
«Қазақ киносының алтын қоры» жобасының аясында


Айналайын [Электронный ресурс] /авт. сценария А. Сулейменов ; режиссёр Б. Калымбетов. - Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (78 мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1990 г. - Каз., рус. Бір-біріне ғашық екі жастың тағдыры арқылы Семей атом полигоны зардабын тартқан бүкіл ұрпақтың әлеуметтік драмасы көрсетілген.

Алпамыс идёт в школу [Электронный ресурс]/авт.сценария Р. Хуснутдинова ; режиссёр А. Карсакбаев.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (78 мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1977 г. - Каз., рус. Алты жастағы Алпамысты мектепке қабылдамады. Ал, баланың барлық ой-арманы мектепке бару еді ...

Амангельды [Электронный ресурс] /авт. сценария: В. Иванов, Б. Майлин, Г. Мусрепов ; режиссер Х. Назарьянц.- Алматы: Казахфильм, 2006. - универс. цифр. диск (DVD) (74мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1938 г. - Каз., рус. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы Амангелді Иманов туралы.


Балкон
[Электронный ресурс] / авт. сценария Ш.Кусаинов ; режиссёр К. Салыков .- Алматы : Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (86 мин.):зв., цв.-(Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1988 г. - Каз.. рус. Жас адамның өмір жолы арқылы 50-ші жылдардағы жастардың өмірі көрсетілген.


Ботагоз
[Электронный ресурс]: по мотивам романа казахского писателя С. Муканова /авт. сценария: А. Филиппов, М. Хасенов при участии Е. Арона ; режиссёр Е. Арон.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (90 мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1957 г. - Рус. Фильм оқиғалары 1913-1917 жылдар аралығын қамтиды.


Выстрел на перевале Караш
[Электронный ресурс]: экранизация повести М. Ауэзова / авт. сценария: Б. Шамшиев, А. Тарази ; режиссер Б. Шамшиев. – Алматы : Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (96 мин.) - (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1968 г. - Каз.. рус. Байлар мен шонжарлар билейтін елдің халқы үнемі өзара талас-тартыспен өмір кешеді. Дискіде М.Әуезовтың әйгілі «Қараш-Қараш» повесінің ізімен түсірілген оқиға көрсетіледі.


Девушка-джигит [Электронный ресурс] / авт.сценария: Ш. Хусаинов, В. Абызов ; режиссер П. Боголюбов.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (87 мин.) - (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в1955 г. - Каз., рус. Жас жылқышы Айдар мен табыншы қыз Ғалияның мөлдір махаббаты туралы қызықты көрсетілім.


Жансебиль
[Электронный ресурс] /авт. сценария: В. Трунин, Ж Коргасбек-теги ; режиссёр А. Шажимбай.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (87 мин.) - (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1991 г. - Каз.. рус. Соғыс сұрапылы мен сталиндік репрессияны бастан өткерген екі қарияның жансебіл өмірі жайында.

Женщина дня [Электронный ресурс] / авт. сценария: А.Павлов, А. Баранов ; режиссёры А. Баранов, Б. Килибаев.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (96 мин.):зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1989 г. - Рус. Психологиялық драмалық оқиға желісімен түсірілген фильм.


Жизнеописание юного аккордеониста
[Электронный ресурс] /авт. сценария И Измагамбетова ; режиссёр С. Нарымбетов.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (96 мин.): зв., цв. - (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1994 г. - Каз., рус. Өмірдің күрделі соқпақты жолдарымен бетпе-бет келген жас адамның сан қилы тағдыры баяндалған.


Заманай [Электронный ресурс] : по роману С. Жунусова / авт. сценария С. Жунусов ри участии Б. Шарипа ; режиссёр Б. Шарип.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (86 мин.): Зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1994 г. - Каз., рус. Қазан төңкерісі, ұжымдастыру кезінде өз туған жерінен қимастықпен ажырап, туған-туыстарымен бірге жат-жұртқа қоныс тепкен әйел тағдыры жайындағы кинофильм.


Игла
[Электронный ресурс] / авт. сценария: А.Баранов, Б. Килибаев ; режиссёр Р. Нугманов.- Алматы : Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (96 мин.):зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1988 г. - Каз., рус. Жастар өмірі, жастар қылмысы, есірткі, өмірден безіну, наразылық тәрізді мәселелер көтерілген.


Кардиограмма [Электронный ресурс] / авт.сценария и режиссёр Д. Омирбаев.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (96 мин.):Зв., цв. – (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1995 г. - Каз. Бала жанын ұғыну, баланың өзіне беймәлім жат ортаға бейімделуі туралы көркем зерттеу.


Кыз-Жибек
[Электронный ресурс]: по мотивам поэтической народной легенды, 2 серии / авт. сценария Г. Мусрепов ; режиссер С. Ходжиков.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD)(140 мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1970 г. - Каз., рус. 16-17 века. Қазақ жері өзара тартыс, егес, жүзге бөліну соғыстарынан үнемі запа шекті. Төлеген батыр мен Қыз Жібектің бір-біріне деген таза махаббаты да осындай тартыстың құрбаны болды.


Лютый [Электронный ресурс]: по мотивам рассказа М. Ауэзова "Серый -лютый" / авт. сценария: А.Михалков –Кончаловский, Э. Тропинин ; режиссерТ. Океев.-Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (92 мин.).-(Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1973 г. - Каз., рус. ) Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Ағасы бала Құрмашты «Өмірде кім күштірек, кім зұлым және кім аяусыз болса сол жеңеді» деген қасқыр мінезі пәлсапасы бойынша тәрбиелейді.


Меня зовут Кожа
[Электронный ресурс]: по одноимённой повести Б. Сокпакбаева / авт. сценария: Б.Сокпакбаев, Н. Зелеранский ; режиссер А Карсакбаев.- Алматы: Кахахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (86 мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1963 г. - Каз., рус. Ақкөңіл, тапқыр Қожа әр түрлі жағдайларға тап болады. Бірақ мойымайды, бұл оның қиялға толы мінез-құлқының ерекшеліктері.


Молитва Лейлы
[Электронный ресурс] / авт. сценария: А. Тарази, С. Нарымбетов ; режиссёр С Нарымбетов.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (96 мин.): зв., цв.(Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 2002 г.- Рус. Семей облысындағы ядролық қару сынайтын орталыққа жақын маңда орналасқан ауыл халқының тыныс-тіршілігі туралы.


Непрофессионалы
[Электронный ресурс] / авт. сценария: С. Бодров, А. Буравский при участии А. Аяповой ; режиссёр С. Бодров.-Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (86мин): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1985 г.- Каз., рус. Бір-біріне ұқсамайтын екі әлем - Қарттар үйі тұрғындары мен әуесқой әртістер тобының жүздесуі арасындағы күрделі жағдайлар баяндалады.


Песнь о Маншук
[Электронный ресурс] / авт. сценария А. Михалков-Кончаловский; реж. М. Бегалин.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (72 мин.): зв., черно-белый.- (Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1969 г.- Каз., рус. 1945 жыл. Ұлы Отан соғысы. Бұл фильм Мәншүк Мәметова және жауынгер достарының немістің танк дивизиясына қарсы жүргізген теңдессіз ұрысы жайында.


Погоня в степи
[Электронный ресурс] / авт. сценария А. Степанов ; режиссёр А. Карсакбаев.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (78 мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1979 г. - Каз., рус. «Бандыны қуған Хамит» Кеңес үкіметін құру кезеңі туралы халыққа кеңінен танымал фильмнің бірі.


Прикосновение
[Электронный ресурс] / авт. сценария Б. Сарыгулов при участии А. Айтуарова ; режиссёр А. Айтуаров. - Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (96 мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1989 г.- Каз., рус. Махаббат пен опасыздық, билік пен байлық, құлдық пен еркіндік туралы фильм.


Сладкий сок внутри травы
[Электронный ресурс] / авт. сценария: З.Ергалиева, С. Бодров ; режиссер А. Альпиев при участии С. Бодрова.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (63 мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1984 г.- Каз.. рус. 14 жастағы Сүйріктің өз сыныптасына деген алғашқы махаббат сезімдері жайында.


Солёная река детства
[Электронный ресурс] / авт. сценария Б. Мансуров ; режиссёр А. Карсакбаев. - Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (78 мин.): зв., цв.-(Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1983 г.- Каз.. рус. яз. Тяжёлое детство, обездоленное войной 1945 года. Подростки - Дарига, Мухтар, Амир переправляют грузы, необходимые для тыла и фронта, по реке Сырдарья.


Султан Бейбарс
[Электронный ресурс] / авт. сценария М. Семашко, Б. Мансуров ; режиссёр Б. Мансуров.- Алматы: Казахфильм, 2006. -1 универс.цифр. диск (DVD) (142 мин.): зв.,цв.- (Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1989 г.- Каз., рус. Жаугершілік заманда Мысыр жеріне құлдыққа әкетілген қыпшақ баласының тарихы. Ұзақ жылдардан кейін аты аңызға айналған Сұлтан Бейбарыс өзінің туған атамекені қазақ жеріне оралады.


Тайны мадам Вонг
[Электронный ресурс] / авт.сценария С. Говорухин ; режиссёр С Пучинян. - Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (98 мин.): зв., цв.-(Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1985 г.- Рус. яз. Оңтүстік-Шығыс Азияның 20 ғ. қарақшылары жөнінде таңғажайып оқиғалар.

Транссибирский экспресс [Электронный ресурс] / авт. сценария: А. Адабашьян, Н. Михалков, при участии А.Михалкова-Кончаловского ; режиссер Э. Уразбаев.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (86 мин.).- (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1977 г.- Рус. яз. 1927 жылы совет чекистері транссібір экспресімен Мәскеуге келе жатқан жапонияның ірі кәсіпкері Сайтоның өмірін сақтап қалады. Оның негізгі мақсаты Советтік Ресеймен сауда қарым-қатынасын құру жөнінде келісім жасау еді.


Тревожное утро
[Электронный ресурс] / авт. сценария. З.Шашкин ; режиссёр А. Карсакбаев.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD)(82 мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино). - Фильм создан в 1966 г.- Каз., рус. 1918 жылы Қазақстанның шекаралық аймақтарында кеңес үкіметін қорғауға қатысқан чекистер өмірінен.


Тризна [Электронный ресурс]: по мотивам поэмы И.Джансугурова "Кулагер" / авт. сценария: Б. Мансуров, А. Сулейменов; реж. Б. Мансуров.- Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр.диск (DVD) (78 мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1972 г.- Каз., рус. Фильм-тәмсіл ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі қазақ ақыны Ақан Сері туралы әңгімелейді.


Храни свою звезду
[Электронный ресурс] / авт.сценария Д. Исабеков ; режиссёр Ш. Бейсембаев.-. Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр.диск (DVD) (78 мин.): зв., цв.- (Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1975 г. - Рус. яз. Фильм жас отбасының қарым-қатынасы туралы. Ері жас жұбайына үйдегі әдеттегі зат, бұйым тәрізді қарайды...


Чужая белая и рябой
[Электронный ресурс]: по мотивам повести Б.Ряховского/ авт. сценария и режиссер-постановщик С. Соловьев.-Алматы: Казахфильм, 2006. - 1 универс. цифр. диск (DVD) (95 мин.): зв., цв.-(Золотая коллекция казахского кино).- Фильм создан в 1986 г.- Каз., рус. Соғыстан кейінгі ұрпақтың ауыр тағдыры (1945ж ҰОС), жас жеткіншектердің адамгершілік тұрғыда қалыптасуы әңгімеленеді.


Байланысшылар: Абдеева Яна; Ашетаева Арайлым
Тел. 267-999
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp