phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Новости и афиши

«Қан кешкен ханзадалар» кітабының тұсаукесері

«Қан кешкен ханзадалар» кітабының тұсаукесері

7 қазан күні сағат 14.00-де  кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, әдебиет, тарих зерттеушісі, сыншы, Қазақстан Жазушылар одағы және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі,  Халықаралық Шыңғысхан академиясының, ҚР Тарих және Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Жәди Шәкенұлының «Қан кешкен ханзадалар» кітабының тұсаукесері өтеді.

Жәди Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Алтай аймағында – Ертіс өзені жағасындағы Шірікши ауылында дүниеге келген.

1985 жылы Алтай аймақтық педагогика мектебін, 1991 жылы ШҰАР ағарту инситутын, 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік унверситетінің аспирантура (филология) бөлімін тәмамдаған.

Алтай қаласына қарасты Шірікши ауылында мұғалім, қалалық радио-телевидения мекемесінде диктор, қала әкімі кеңсесі меңгерушісінің орынбасары, ШҰАР қазақ радиосында тілші, т.б. қызметтер атқарған. 1997 жылы атажұртқа оралған.

«Шалқар-2» газетінде бас редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газеті проза бөлімінің меңгерушісі, «Үн» журналының бас редакторы, Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қорының президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы, «Жас қазақ үні» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір Қоянды орта мектебінде директор.

Жәди Шәкенұлының «Ақбота», «Балқаймақ», «Қытайдағы қазақтар», «Бір уыс сәуле», «Қаралы көш», «Жалғыздың үні», «Ақбалапан», «Жәнібек батыр» атты кітаптары жарық көрген. «Ақбота» кітабы Қытайда, «Ақбалапан» кітабы Түркияда басылып, өзге ел оқырмандарының оң бағасын алды.

Балаларға арналған мысал әңгімелері Қазақстан Республикасының бастауыш сыныптарының «Ана тілі» оқулығына, зерттеулері әдебиет теориясы жинақтарына енген.

 «Талбесік» (ҚХР ақындары), «Жиһаншах» (Ақыт Үлімжіұлы), «Оспан батыр», «Жас толқын»,  «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Армысың Атамекен», «Күнгей бет» (ҚХР ақындары), «Ер Жәнібек» (1-том), «Оспан», «Жүзім бағы» кітаптарын құрастырып шығарды. Шығармалары түрік, қытай, иран тілдеріне аударылған.

Жәди Шәкенұлының өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытқан барша оқырманды кітапханаға кездесуге шақырамыз!


 DosAI

Предыдущая версия сайта

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp