phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Новости и афиши

«Бұл күз басқа… әдемірек, өзгерек» ақын Саят Қамшыгермен кездесу

«Бұл күз басқа… әдемірек, өзгерек» ақын Саят Қамшыгермен кездесу

8 қазан күні сағат 14.00-де  кітапханада ақын, аудармашы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет, Ақпарат салаларының үздігі Саят Қамшыгермен «Бұл күз басқа… әдемірек, өзгерек» тақырыбында кездесу кеші өтеді.

Саят Қамшыгерұлы 1978 жылы қазіргі Абай облысы, Жарма ауданы, Кезеңсу ауылында дүниеге келген. Қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің қазақ филологиясы факультетін бтірген. Әр жылдарда мектепте мұғалім, оқытушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші, республикалық «Мөлдір бұлақ» журналында Бас редактордың орынбасары,  бас редакторы, «Алтын сақа» балалар баспасының бас редакторы болып қызмет еткен. Педагогика ғылымдарының магистрі.

«Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Саған... Тебе... Һиңә...», «Сезім суреттері», «Жүрегімде жұлдыз бар», «Биші қайыңдар», «Көңіл көктемі» жыр жинақтарының авторы. Балаларға арналған «Менің алғашқы кітабым», «Менің сүйікті әліппем», «Менің алғашқы танымым», «Кім болам?», «Асыл мұра», «Үй жануарлары», «Жемістер», «Көкөністер», «Сандардың сыры», «Әріптер әлеміне саяхат», «Ұлы Дала батырлары», «Төрт түлік кітаптарының авторы. Көптеген жинақтарға өлеңдері енген, біраз өлеңдеріне ән жазылған.

Башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың «Тастамашы, ана!», «Ертегісіз өткен балалық», «Көше балалары» атты кітаптарын қазақ тіліне аударды. Ол кітаптар еліміз бойынша ең көп оқылған кітаптар қатарында.

Саят Қамшыгерұлы  Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Өлеңдері орыс, ағылшын, қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, якут, әзірбайжан тілдеріне аударылып, бірнеше рет жарияланған. Алматыдағы Алатау ауданына қарасты 26-мектепте ақын, аудармашы Саят Қамшыгер атындағы қазақ әдебиеті кабинеті ашылған. Ақынның туған жері – Жарма ауданында 2023 жылдан бастап дәстүрлі түрде оқушылар арасында «Саят Қамшыгер оқулары» аудандық байқауы өтіп келеді.

Құрметті өскемендіктер! Ақын Саят Қамшыгермен болатын кездесу кешіне баршаңызды шақырамыз! Келіңіздер! Шарада кітап сатылымы ұйымдастырылмақшы.

                  

                                                    


 DosAI

Предыдущая версия сайта

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp