26 қыркүйек күні сағат 11:00-де кітапханамыз оқырмандарды тарихи-шытырман оқиғалы романдар мен ретродетективтердің авторы, жазушы Йана Боризбен өтетін кездесуге шақырады.
26 қыркүйек күні сағат 11:00-де кітапханамыз оқырмандарды тарихи-шытырман оқиғалы романдар мен ретродетективтердің авторы, жазушы Йана Боризбен өтетін кездесуге шақырады.
29 қыркүйек 2026 жылы сағат 15:00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ақын, «Звено Алтая» облыстық әдеби бірлестігінің жетекшісі Наталья Семеновна Матвееваның 75 жылдығына арналған «Шабыттан туған шумақтар» атты әдеби кездесуге шақырады.
2026 жылдың 11 қыркүйек күні «KitapTime - 2026» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ және А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы көрікті орындардың бірі – Арбатта «Shygys Book Fest – 2026» кітап фестивалі өтті.
5 қыркүйек – ұлт ұстазы, көрнекті ғалым, ағартушы, ақын, публицист және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бұл күн елімізде Қазақстан халқының тілдері күні ретінде де аталып өтеді.
Сіздерді Кітап оқу мәдениеті бойынша ұлттық сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
Сіздің пікіріңіз Қазақстандағы кітап оқу мәдениетін дамытуға, кітаптар мен кітапханалардың қолжетімділігі мен тартымдылығын арттыруға бағытталған шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.
✅ Сауалнама анонимді
‼️ 14 жастан асқан Қазақстан тұрғындары қатысады
? Төмендегі сілтемеге өтіп, өз пікіріңізді қалдырыңыз.
Қазақ тілінде https://forms.gle/u6HaM9GjAZKttMPj6
23 шілде күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Ауылдан Алматыға дейін» атты тағылымды шығармашылық кеші өтті. Шараның басты қонағы – Атырау өңірінің тумасы, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі айтыскер ақын Шалқарбай Сайлаубайұлы Ізбасаров.
3 шілде күні кітапханада әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты.
Кештің шымылдығы Серік Бабахановтың сөзіне жазылған «Менің қос бәйтерегім» әнімен түрілді.