phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
Асылдың асыл өнері. «Ер Төстік» комикс альбомының тұсаукесері

Асылдың асыл өнері. «Ер Төстік» комикс альбомының тұсаукесері

18 қарашада А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен қаламызда, «Балалар жылы» аясында дарынды балаларымыздың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ер Төстік» комикс-альбомының тұсаукесері өтті.

Ер Төстік - қазақ батырлық ертегілерінің ішіндегі ежелгі үлгісі. Мазмұны мен сюжеттік құрылысының, кейіпкерлері мен іс-әрекеттердің сипатынан Ер Төстік ертегісі архаикалық мифтің, хикаяның, қиял-ғажайып ертегілердің қасиеттерін бойына молынан сіңірген.
Комикс-альбомның авторы, №3 мектептің 8-сынып оқушысы Асыл Сұңғатқызы және республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі, жоба жетекшісі Мерей Қайнарұлы.
Комикс – суретпен салынған ертегі. Туынды әдебиет пен сурет өнерін ұштастырады. Бұл өнердің сан түрлі тармағы бар екен. Ертегі кейіпкерлерін оқырман қауымға комикс форматында таныстыру - қазіргі таңда жасөспірімдер арасында танымалдылыққа ие болған шығармашылық ізденістің жаңа бір түрі.
«Балалар әдебиеті» және «Балалар жылына» тарту ретінде жарық көріп жатқан жас автордың екінші-комикс альбомының тұсаукесер кешіне журналистер, студенттер, кітапхана оқырмандары, автордың сыныптастары мен ұстаздары қатысты.
Комикс-альбомның авторы, оқушы Асыл Сұңғатқызы, «Ер Төстік көп таралған қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері. Сіз не үшін осы «Ер Төстік» ертегісіне комикс жаздыңыз?», «Ер Төстік» ертегісіне комикс жазардан бұрын осы ертегіні қаншалықты зерттедіңіз? «Ер Төстік» ертегісінің негізгі мақсаты неде? «Осы комиксі салып шығуға қанша уақыт кетті?» - деген сұрақтарға жауап беріп, комикс жанрына қызығушылық танытқан оқырмандарымен сұхбаттасқан. 

Asyl1 1 Asyl1 2 Asyl1 3 Asyl1 4 Asyl1 5 Asyl1 6
Asyl1 7 Asyl1 8 Asyl1 9 Asyl1 10 Asyl1 11 Asyl1 12

 

 

Байланысшы: Кудайбергенова Н.
тел.: 8 705 541 2525


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp